Батысқазақстандық спортшы жүлдегері атанды

Батысқазақстандық Тамир Қуатов Амманда (Иордания) таеквондодан (WTF) жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Т.Қуатов олимпиадалық ойын түрі – таеквондодан (WTF) 53 келіге дейінгі салмақта жүлдеге ілікті. Жаттықтырушысы Арслан Ордабаевтың айтуынша, Тамир кадеттер арасында финалға дейін вьетнамдық, гонконгтық және ирандық қарсыластарын ұтты. Тек соңғы бәсекеде ғана тайпейлік спортшыға жол берді. БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Тамирдің туған ағасы Шыңғыс та таеквондомен айналысады. Ол – жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының жүлдегері.

Б.Нарын

 

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*