Басты жаңалықтарҚоғам

«Еңбек» бағдарламасымен үй алуға құжаттар қабылдау басталды

Бұл туралы инстаграмда 

stolichnyedelishki парақшасында жарияланды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тұрғын үй қоры 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысында жалға берілетін баспана алуға құжаттар қабылдауды бастайды.  

Бағдарлама жалға берілетін тұрғын үй ретінде Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда (Ковыльное с., Новоишимское с., Шөптікөл с., Пески с., Разгульное с.) үйлерді ұсынады. Баспаналардың жалпы ауданы 70-90 шаршы метрді құрайды. 5 жыл өткеннен кейін пәтерді жекешелендіруге болады, ал ай сайынғы жалдау ақысы – 7000-9000 теңге. Бұл ретте бағдарламаға қатысушылардың әрбір отбасы мүшесіне 88375 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.

Бағдарламаға қатысу үшін Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйге кезекте тұру қажет, отбасында 3 және одан да көп бала болуы тиіс. Үміткерлер мынадай мамандықтардың бірі болуы тиіс: механизатор, электрик, токарь, құрылысшы, мал дәрігері, малшы, камаз жүргізушісі, энергетик.
Ал егер жоғарыда аталған мамандық болмаса, тегін оқу мүмкіндігі ұсынылады.

Құжаттарды қабылдау Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-де келесі мекенжай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, Р.Қошқарбаев даңғылы, 39 (Қошқарбаев-Жұмабаев қиылысы, «Барыс» ТК) аялдамасы іске асырылады.

Жұмыс уақыты: сағат 8.30-дан 17.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Байланыс телефондары: 8-775-408-63-83, 8-702-727-54-64.

Басқа материалдар

Back to top button