Басты жаңалықтарҚоғам

Ералы Тоқжанов «жуан жұдырық» орынбасарын ақтап алды (видео)

Бұдан бұрын әлеуметтік желіде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоқжанов өзінің орынбасары Нұрдәулет Қилыбаймен әкімдіктің ішінде жаға жыртысты деген ақпарат тараған болатын.

Тараған қауесет бойынша, этикаға қайшы келетін мемлекеттік қызметшілер арасындағы жанжал ұжымның көз алдында болған.

Алайда, жаңа президенттің инаугурациясына келген облыс әкімі Ералы Тоқжанов осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Оның сөзіне сенсек, әкімдіктің айналасында ешқандай төбелес болмаған. Осы ақпарат тараған кезде Нұрдәулет Қилыбай Қытайда іс сапарда болған.  «Үлкен саясаттың айналасында мұндай мәселе көп» дейді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоқжанов.

Айта кетейік, «басшысымен төбелесті» деген орынбасар Нұрдәулет Қилыбай 2018 жылдың желтоқсан айында осы лауазымға тағайындалған.

Басқа материалдар

Back to top button