АЙМАҚБөрлі ауданыӨҢІРЛЕР

БӨРЛІДЕ ҚҰРАН ОҚУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Бөрлі аудандық мешіті мен «Парасат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында құран жарысы өтті. Бұл туралы kazislam.kz хабарлады.

Жарыс талабына сәйкес қатысушылар Құран кәрімді жүзінен оқу және өзі жатқа білетін сүресін жатқа оқу арқылы екі кезең бойынша бақтарын сынады.

Жарысқа Тәжиден Батырұлы мешітінің бас имамы М.Әбдірахманов, Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Қ.Жакенов, Қырғызстан елінен келген қари Қ.Анарбаев қазылық жасады.

Мешіт жамағаты арасында өткізілген сайысқа 13 үміткер қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша А.Задыгер ІІІ орын, Б.Мырзағалиев ІІ орын, Е.Ербөлеков І орынды иеленді.

Ал бас жүлде Муджәләдә сүресін жатқа оқып, төрешілердің талаптарынан мүдірмей өткен ең жас қатысушы – 13 жасар Садурдин Саттаровқа бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар табысталды.

 

Басқа материалдар

Back to top button