ӘлемБасты жаңалықтар

Украинадағы инаугурациядан кейін біраз шенеунік отставкаға кетті

Кеше елдің жаңа президенті Владимир Зеленский ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде қауіпсіздік қызметінің, қорғаныс министрі мен бас прокурордың қызмет кетуі керектігін айтқан болатын. Бүгін осы орган басшыларының екеуі отставкаға кету жөнінде шешім қабылдады. Ал бас прокурор Юрий Луценконың орнынан кеткен кетпегені әзірге белгісіз. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Зеленский  кеше  Жоғарғы Раданы да тарататынын айтты. Бірақ заң шығарушы органның вице-спикері Ирина Геращенко парламенттің таратылуын Конституцияға қайшы деп атады. Алдын ала мәлімет бойынша, кезектен тыс парламент сайлауы 14 шілдеде өтуі мүмкін.Бұдан бөлек, Украинаның премьер-министрі Владимир Гройсман да отставка кету туралы шешім қабылдаған.

Басқа материалдар

Back to top button