Басты жаңалықтарСаясат

Қазақстандық адвокаттар митингке шығамыз деп отыр

Әділет министрлігі дайындаған заң жобасы еліміздегі адвокаттардың наразылығын тудыруда.  Заңгерлердің айтуынша, аталған құжат қолданыстағы «Адвокаттық қызмет туралы» заңды алмастыруы тиіс еді. Алайда құжаттың адвокаттық қызметке, еркіндікке  кереғар тұстары көп.  Бұл туралы ratel.kz жариялады.

Ашынған қорғаушылар енді қалаларда митингке шығуға белбайлап отыр.

Осы дауға байланысты 14 қазанда Астанада Республикалық адвокаттар коллегиясы  шұғыл съезд өткізбек. Бұл жиында да жоғарыда айтылған заң жобасы талқыланады.

Митингке шығамыз!

Қазір Адвокаттар коллегиясының өңірлердегі бөлімшелерінде осы заң жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстелдер өтуде.  Осындай қызыл кеңірдек жиындардан кейін Атырау облысындағы адвокаттар  Исатай мен Махамбет алаңына бейбіт митингке шығуға өтініш жазған.

Айтпақшы, былтыр дәл осы жерде жер реформасына қарсы алғашқы митинг ұйымдастырылып еді.

Заң жобасына қарсы   Алматыдағы қорғаушыларда бейбіт  түрде наразылық шеруін өткізуге ниет танытып отыр.  29 қыркүйекте белгілі адвокат Айман Умарова әлеуметтік желідегі парақшасында  қала әкімдігіне арыз беріп жатқанын жариялаған болатын.

Тіпті Адвокаттар коллегиясы адвокаттық қызметті реформалауға бағытталған құжатқа қатысты сауалнама да жүргізген. Нәтижесінде респонденттердің 97 пайызы Әділет министрлігі дайындаған заң жобасына қарсылық білдірген.  Тек  заңгерлердің  3 пайызы ғана жаңа заңды қолдаған.

фото  ratel.kz сайтынан алынды.

Басқа материалдар

Back to top button