АЙМАҚӨҢІРЛЕРСырым ауданы

ҚОС МЕРЕКЕНІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының тұрғындары   Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күні мерекелеріне орай Жымпитыда өткен көпшілік велошеруге қатысты. Бұл туралы аудандық «Сырым елі» газетінің әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланды.

Ауылдың батыс қақпасынан басталған шеру Алашорда, С. Датұлы, Абай, Амангелді секілді басты көшелерді жүріп өтіп, С. Датұлы атындағы мәдени – демалыс саябағына тоқтады.
Спорттық шараның салтанатты рәсімінде Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев құттықтау сөз сөйледі.
Велошеруге қатысқан Ерген Айдарханов «Ардагер қатысушы», Әлихан Ақберлі, Шәкәрім Төреғали және Айару Еркін «Ең жас қатысушылар» ретінде марапатталды.

Басқа материалдар

Back to top button