АЙМАҚӨҢІРЛЕРШыңғырлау ауданы

Көктемнің бір күні жылға азық

Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданындағы диқандар көктемгі егіске кірісіп кетті. Жер қарайғалы бері осы аудандағы «Жаңа жер» шаруа қожалығы 334 гектарға софлор, 316 гектарға арпа, 170 гектар жерге жаздық бидай сеуіп те үлгерді. Бұған қоса, шаруа жандар былтыр күзде 668 гектарға күздік бидай дәнін сепкен. Қазіргі таңда күздік егілген алқап жап-жасыл болып, жайқалып тұр. Бұған дейін де әр гектарына 45 центнерден өнім берген құнарлы жерде барлық агрошаралар жасалған. Егістікті тиімді де өз талабына сай ұстай білетін шаруашылық көктем шығысымен қосымша алқаптан 610 гектар жерді жыртып, келер жылдың егіні үшін қазірден қамдануда.
Бір өзі бірнеше трактордың, бірнеше қызмет түрін атқаратын екі бірдей John Deere агрегаты науқандық жұмыстың ыждағатты да сапалы орындалуына септігін тигізуде. Жақында егіс даласында аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Бисен болып, қожалық мүшелерімен кездесіп, олардың науқан кезіндегі жұмыстарын бағамдады.

Басқа материалдар

Back to top button