Ағайынды жігіттің ауылға қамқорлығы

Алматылық кәсіпкер азаматтар Елдос, Әйбек және Айдос Қоспаевтардың есімдері бүгінде Ақжайық ауданы тұрғындарына жақсы мәлім. Бұл туралы zhaikpress.kz хабарлады.

Өйткені олар өздерінің атажұрты болатын ауданның бірнеше ауылына соңғы бір-екі жылда айтулы қайырлы істер жасап, ағайынның ақ тілегіне бөленді. Мысалы, Қоспаевтар былтыр Мерген ауылының бір көшесін жарықтандырған еді. Енді міне, осы ауылға кіреберіс 2 шақырым жол бойына электр желісін тартуда. Трансформатор орнатылып, 47 бетон бағана, шам қондыру жұмыстары ойдағыдай жүргізілуде. — Ағайындылардың жанашырлығына жұрт ризашылығын айтуда. Елді қуанту – бақыт қой,- дейді Мерген әкімі Мәмбетқали Сағаденов.

 

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*