Қос ауданның қамданысы

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Теректі аудандарының өртке қарсы тиісті  құрылымдары оқу-жаттығу  шарасын өткізді. Бұл туралы zhaikpress.kz хабарлады.

Екі ауданның шекаралас елдімекендерінің түйіскен аумағында ұйымдастырылған дайындыққа өртпен күрес бөлімінің,  орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ, өртке қарсы ерікті құрамаларда атсалысты.

Жаттығу жиынында қатысушылар төтенше жағдайдың алдын алу, тиісті құралдар мен техникалардың жай-күйін, оларды қалай қолдану қажеттігін пысықтады.

Сурет  zhaikpress.kz сайтынан алынды

 

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*