Жаңақалада велошеру ұйымдастырылды

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында аудандық «Жастар» спорт клубының ұйымдастыруымен «Бірлігіміз жарасқан» жобасы аясында велошеру өтті.

Бұл туралы облыс әкімідігінің ресми сайты жариялады.

Велошерудің мақсаты — бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатарын арттыру.

Аталған спорттық шараға 50-ден астам аудан жастары қатысты. Велошеру аудан орталығынан Орал қаласына шыға берістегі бас қақпадан басталып, аудандық Достық алаңына дейін жалғасты.

Айта кетейік, спорттық велошеруге атсалысқандардың арасында мемлекеттік қызметкерлер, колледж студенттері, спортшылар мен мектеп жасындағы балалар да бар.

 

Суреттер bko.gov.kz сайтынан алынды.

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*