Жаңаарқада мұғалімдерді жұмысқа жегіп жатыр

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында ауыл әкімі мұғалімдерді үй-үйді аралап, санақ жүргізуге тапсырма берген. Бұған наразы ұстаздар әлеуметтік желі арқылы өкпе-наздарын білдіруде.

 

3 комментария

  1. Жаңаарқа әкімдігі

    Кент және ауылдық округ әкімдері нақты кірістерін жасырған немесе оны әдейі төмендетіп көрсеткен тұлғаларды анықтау мақсатында жұмыстар жүргізуде. Себебі, мұндай фактілер көп кездеседі. Кейбір адамдар АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алу үшін асырап отырған малын жасырып қалуымен қатар, бірге тұратын отбасы мүшелерін, оның ішінде зейнеткерлік жастағы ата-аналарын және басқа да кіріс көздерін жасырады. Осындай жағдайларды анықтау мақсатында еріктілер, оның ішінде ерікті жастар жұмылдырылды. Сондай-ақ, аталмыш еріктілер халық арасында аталмыш әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған және көп балалы отбасылар туралы қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
    (АНЫҚТАМА РЕТІНДЕ: аудан орталығындағы Атасу кентінде 43 көше мен 3997 мың аула бар)

    Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының баспасөз қызметі

    • Каусар Оспанова

      өтірік. бір де бір əкімдік жұмыскерлері көше аралаған жоқ. тек мектеп мұғалімдері 2 адамнан жаяу таңертеңнен кешке дейін аралап журді. түсіндіру жұмыстары жүргізілген жоқ. тек тізім жасап қана өтті. таңертең қарсы беттегі жұп санды көршімізге келген, кешкі 19:00 де. қарама-қарсы орналасқан тақ санды үйлерді аралап шаршаған 2 мұғалім келді үйімізге. мал жан санын тіркеді.

  2. Асия Мендибаева

    Ешқандай да еріктілер емес. Мектеп мұғалімдері аралап жүрді қар аралас жаңбыр жауған күні.

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*