«Арнау» дуэтінің бұрынғы әншісі Жанар Хамитова ауыр тағдыры туралы айтты

Бұл туралы  порталы хабарлады.

Бір кездері «СуперStars» жобасының финалына шығып, кейін «Арнау» дуэтінде Нұржан керменбаевпен бірге ән салған Жанар Хамитова 10 жыл бұрын тұрмыс құрып, сахнадан мүлде көрінбей кеткен еді. Араға осынша уақыт салып, «Астарлы ақиқат» бағдарламасына келген әнші өзінің осы он жылда қайда болғаны, ауыр тағдыры жайлы баяндады. Әнші 18-19 жасында өзінен үлкен, ажырасқан азаматқа тұрмысқа шыққан.

«Мен күйеуіммен танысқан соң екі сағаттан кейін тұрмысқа шығуға келісім бердім. Ол кезде өзіме қамқоршы адам іздеген шығармын. Тұрмысқа шықпағанымда, жаман жолға түсер ме едім. Сондай кезеңде жүрдім. 30 жасыма дейін 20 рет өзіме қол салуға ұмтылдым. Ақшаның жоқтығынан оқуымды аяқтай алмадым. Көп ота жасаттым. Жолдасым барлық отаның ақшасын төледі. Ол кісі болмаса мен бұл жерде отырмас едім. Күйеуіммен шетелде тұрдық. Хиджаб киіп, намаз оқыдым. Себебі бала сүйе алмадым. Дін жолына келдім. Кейін екі балам өмірге келді. Ал, қазір ажырасып кеттім. Екі балам әкесімен шетелде тұрады. Өзім солай шештім. Бұрынғы күйеуімді жамандағым келмейді. Қазір 42 жаста. 11 жыл бірге тұрдық, бірақ 11 минуттай өтіп кетті. Ол маған өмір сүруді үйретті. Ешкімді жамандағым келмейді. Бұл — өмір» — дейді Жанар.

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*