Маңғыстау облысында бір отбасының 7 адамы жол апатынан көз жұмды

Маңғыстау облысында тойдан қайтып келе жатқан бір отбасының 7 адамы жол апатынан көз жұмды, хабарлайды stan.kz

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында бір отбасының 7 мүшесі жол апатына түсті.
Қайғылы оқиға 10 қыркүйек күні болды. Toyota Camry қабырғаға соғылған. Апаттан көлік жүргізуші мен 6 жолаушы мерт болды. Қаза болғандардың екеуі жас бала.
Көлік қатты майысқандықтан ішіндегі екі адамның денесін арнайы техникалық құралмен шығаруға тура келді.
Куәгерлердің айтуынша, көліктегілер екі ағайынды азамат пен әпкесі, оның балалары. Олар тойдан қайтып келе жатқан.

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*