Әкім ауылдың келіншектерін риза қылды

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қаратоғай аулының келіншектері шулап жүр. Тұрғындарының айтуынша,  әкім халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ерекше сыйлық жасаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 Ауылдағы кез келген ақылы қызметті әйелдер ақысыз пайдалана алады. Мәселен, шаштараз, монша, такси қызмет тегін. Ауыл әкімі де бұл жағдайды растап отыр.

Аналарымыз, апаларымыз, қарындастарымызды қуанту үшін кәсіпкерлерге өтініш айтқан болатынбыз. Ауылдың азаматтары ұсынымызды жерге қалдырған жоқ. Мерекеде нәзік жандыларды қуантып жатыр», -дейді Қаратоғай ауылының әкімі Қуанышбек Серікжанов.

 Айта кетерлігі, Қаратоғай ауылында 2000-ға жуық халық бар.

 

 

Сурет ауылдың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*