Cекс құлдықта болған келіншек алимент ала-алмай жүр

Бұл туралы «Евразия» арнасы хабарлады. Ал құқық қорғау органдары оның ісін қарамай отыр.   Қазір жалғызбасты ана жолдан тапқан баласын қалай асырайтынын білмей дал. Тіпті жақындары да теріс айналыпты. (видео)

 

«Елдің жеккөрініштісі, саусақпен түртіп көрсететіні мен болып отырмын».  ҚарлығашОмарханованы 17 жасында Қарағандыдан ауылына бара жатқан жерінен бейтаныс адамдар алып қашып, шалғайдағы ауылда қамап ұстаған. Айтуынша, ол ШҚО  Курчатов қаласынан 30 шақырымжердегі  «Тридцадка» дегенелді мекен. Ол жерде одан өзгеде жас қыздар құлдықта болыпты. Алайда, олардың барлығын жақындары алып кетіп, өзі жалғыз қалған.  5 жыл өмірін құлдықта өткізген келіншек кейін әрең дегенде құтылып шығады. Алайда, сол уақытта өзінің аяғы ауыр екенін білген. Бірақ, жылдар бойы қызымен өзіне кесірі тиеме деп үндемей жүріпті. Тек осы жылдың көктемінен іздене бастаған.

ҚАРЛЫҒАШ ОМАРХАНОВА: « Срок давности деп отыр. Уақыт өтіп кеткен дейді. Курчатовтағылар да, осы жақтағылар да. Айналып келген кезде оның бәрі 1998 жылмен берілгенімен, 2002-ге секіртіп қойыпты. Дело жабылғаннан кейін қарасам, бәрі 2002 деп жазылған».

Алайда, құқық қорғау органдарының жауабы басқа.

СЕРГЕЙ ЕПАТЬКО, ТЕРГЕУШІ: «Бүгінгі таңда қылмыстық іс тоқтатылды. Өйткені, азаматшаның құлдықта болғанына ешқандай дәлел жоқ. Ал, молекулярлы-генетикалық сараптама бойынша, қызбаланың әкесі сол азамат екені анықталды».

Тәртіп сақшылары Қарлығаш Омарханова қолындағы сараптама қағазымен азаматтық сотқа арыз жазып, қызына алимент өндіре алады дейді.

Ал, осыдан бірнеше ай бұрын Қарлығаш ашығын айтамын деп, ток-шоуға қатысқан. Алайда, ол әрекетінің кейінөзіне кесірі тиіпті. Бағдарламаны көрген туыстары одан бас тартып, нан тауып жеп отырған дәрігерлік жұмысынан да шығарып жіберген.

ҚАРЛЫҒАШ ОМАРХАНОВА:«Уже бәрі черный список қақойып тастаған ғой. Ты че телевизорға шықтың, ондайөміріңді не үшін елдің бәріне айттың дегендей. / 0014-0022 Просто мен жұмысі стедім осы уақытқа дейін. Ақырындап, жинағыммен күн көріп отырмын. Қазір жұмыста жоқпын».

Қазір Қарлығаштың жағдайы ауыр. Жұмыс жоқ, туыс жоқ. Тек алданышы мен қуанышы қызы ғана бар.

 

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*