Астаналықтар орысша сөйлеген басшысының микрофонын тартып алды (видео)

Астана қаласындағы «Ашық есік»  шарасында Елорда әкімінің су жаңа орынбасары Нұрлан Нүркеновтің ел алдына шығып орысша сөйлегені тұрғындардың наразылығын тудырды. Көп балалы аналар оның сөзін бөліп, қазақша сөйлеуін талап етіп, микрофонын тартып алды. Нұрлан Нүркенов жақында ғана Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын. Бұл туралы «Азаттық радиосы» тікелей эфирде көрсетті.

Осымен екінші рет жиналған астаналық аналар қала әкімі Бақыт Сұлтановтың келуін сұрады. Халықтың негізгі талабы жәрдемақыны өсіріп, тұрғын үй мәселесін шешуді талап етуде.

Қазір Президенттің тапсырмасымен Үкіметтің жанынан комиссия құрылып, көп балалы аналар көтерген мәселелер қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, көп балалы аналар 6 ақпан күні де жиналған болатын. Сол кезде қала басшылығы 15 ақпанға дейін уақыт сұрап, мәселелерді қарастыратынын айтқан болатын.

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*