Басты жаңалықтарҚоғам

Ақтөбеде айқай — шу (видео)

«Мектепке мұғалім болып кірудің құны — 200 мың теңге! Ал халыққа қызмет көрсету орталығындағылар электронды сандық қолтаңбаны 1000 теңдеген саудалап, пайда көріп отыр!». Ақтөбе облысы әкімінің есебінде осылай деп шу шығарған қала тұрғыны Бердібек Сапарбаевтан тез арада мәселені шешіп, өзін екі аптаның ішінде жұмысқа орналастыруды талап етті. Бұл қаншалықты рас? Қауесет пе, әлде расымен ақтөбелік мектеп директорлары жұрттан ақша сұрап, дәніккен бе? Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады.

ЛӘЗЗАТ БАДАУОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Мектептерге барамын, 200 мың теңге көлемінде пара талап етеді. Қаншама куәгерлер. №60 мектеп, Абзал Тәжімішевті 1 апта уақыт берем Сапарбаев мырза Сізге, орнынан алуыңызды талап етем!»

Ашынған келіншек әкім-қаралардың алдында тосылмады. Бар жағдайды осылай жайып салды. Жалғызбасты ана екендігін, жұмысының жоқтығынан несиеге алған пәтерінің ақысын төлей алмай отырмағанын жеткізді. Облыс әкіміне талап қоюдан басқа амалы жоқтығын айтты. Орта жолда сөзін бөліп, қолындағы микрофонын алып, сабырға шақырмақшы болғандарға құлақ аспады. Себебі, шағымы мұнымен бітпеді. Халыққа қызмет көрсету орталығының Алматы ауданындағы бөлімшесінде басшысы электронды сандық қолтаңбаны 1000 теңгеден сатады, ксерокөшірмеден пайда тауып отырғанын да осы келіншек айтты. Ләззат Бадауованың әр сөзінен кейін есепке жиналғандар ду қол шапалақ соғумен болды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: «Сіздерден сұрайтыным, қарындас, сіз енді кішкене сұрақ қойдыңыз ғой, сұрақ қойғаннан кейін тыңдау керек! Айқайламаңыз, үйіңізге барып айқайлаңыз!»

Өзін «пара алды» деп айыптаған директоры Абзал Тәжімішов бастауыш сынып мұғалімі Ләззат Бадауовамен қызметтес болғанын растады. №60 мектепте небәрі 9 күн жұмыс істепті. «Ол кезекшілікке шықпаймын деп, мектеп директорының орынбасарымен сөзге келді», деп отыр.

АБЗАЛ ТӘЖІМІШЕВ, №60 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:«Ол кісінің айтып отырған сөзінің бәрі- жалған. Мен полиграф, детектор лжидан өтуге дайынмын. Өзіме сенімдімін. Сол сөзі тағы қайталап айтам. Ол кісі осы жерде жұмыс істеп кетті. Неге кетті? Ол кісі кешірім сұрап жылады. «Мен өзіме қол жұмсаймын, Сізге көрсетемін» деп жазды маған. Скриндері бар, сіздерге көрсеттім. Осының бәрі сондай жағдаймен аяқталып, ақыр соңында ол кісі жұмыстан арызын жазып, өзі кетті»

Мектеп директоры енді өзінің судан таза, сүттен ақ екенін сотта дәлелдеймін деп дайындалып отыр. Елдің алдында парақор атану маған да оңай емес дейді. Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімше басшысының да осы күндері мазасы қашқан. Келіншектің айтқаны жалған екенін ол да айтып отыр.

ЕРКІНБАЙ ЖҮСІПҰЛЫ, ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ №3 БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:
«Менің атымды ақша жасап отыр деп айтқан, Электронды сандық қолтаңбаны 1000 теңгеден сатып отыр деп шықты, ол жалған ақпарат. Өздеріңіз көріп отырғандай, ЭСҚ мемлекеттік стандарттар бойынша тегін таратылады. Ксерокопияның маған қатысы жоқ. Жеке кәсіпкермен. Әкімдік келіседі. Мына жерде асхана, банк отыр. Оның бәрі әкімшілікпен келісімге отырады.»

Қала әкімінің есебінде өзін толғандырған мәселені айтып, шенділерді бір сілкіп алған келіншектің жағдайы бойынша жан-жақты тексеріс жүріп жатыр екен. Бір қызығы осы оқиғадан дейін Алматы ауданы халыққа қызмет көрсету орталығындағы ксерокөшірме аппаратты ұшты-күйлі жоқ қылып жіберген. Ал облыстық білім басқармасының басшысы жұмыссыз жүрген келіншекті қала мектептерінің біріне орналастыру мәселесін қарастырып жатқанын жеткізді.

 

Басқа материалдар

Back to top button