Бес перзент жер анаға тапсырылды (видео)

Астанада өрттен қаза болған бес баланың денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Қабырғасы қайысқан қаралы отбасының қайғысын бөлісуге келген ел-жұрттың қарасы көп. Бірі сөзбен жұбатса, бірі жаназасы мен жерлеу рәсімінің шығын көтеріп, қол ұшын беруде.  Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады.

 

Бір үйдің бес перзенті. Бір сәтте көз жұмды, бір сәтте жаназасы шығарылды. Қайғылы хабарды естіп, Көктал кентіндегі қаралы үйге бет алған жұртта есеп жоқ. Бес табытты көргенде жыламаған адам қалмады. Жұбатарға сөз таба алмады жұрт.

Қаздың балапынындай тізіліп, бір-біріне қамқор болып жүретін бес бауырдың бейнесі осы көшедегі тұрғындардың, көрші колаңның көз алдынан кетер емес. Еске түссе егіледі бәрі.

«Кішкентай балаларды көзіммен көргем. Менің бала шағаммен ойнаған. Квартираға көп баланы алмайды. Мына комната туалеттің комнатасы. Ол жерде бес бала тұрған».

Көп балалы отбасы ағайындарының ауласында уақытша баспанада тұрған. Аядай жер. Тар болса да балалардың балғын күлкісіне толған ұя еді. Қазаға келген жамағат Евгений мен Жанымгүлді жұбатамыз деп, жанайқайын да айтты.

» Ақиқат қайда. Неге біздер кішкентай балалардың табытын шығаруымыз керек. Бес бала. Үйде кезекте жоқ дейді. Бұл не сұмдық.  Алла көрсетіп тұр. Осы бес баланы себеп қылдырып тұр. Көп балалы ананың жағдайын көтеріңдер, жағдайын жасаңдар деп. Беретіндері проездной. Соның өзін кондукторлар тексеріп, көп балалы анасызба деп фотомызға дейін қарайды».

Дәуіт пайғамбардың да отыз ұлын бір күнде алған деп жұбатты халық. Бес перзентінен бір сәтте айырылып, бір сәтте соңғы сапарға шығарып салған ата-ананың жылай-жылай көз жасы да таусылғандай. Балалар о дүниеде ата-анасына шапағатшы болады, дейді дін өкілдері. Қайғыны жеңілдетсек, дейді.

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ, ҚАЛАНЫҢ БАС ИМАМЫ:»Мешіттің жамағаттың атынан жиналып жатқан қаражат бар. Қазір комиссиямен анықтап, туыстарымен сөйлестік. Алла қаласа, мешіттің атынан, халықтың атынан бір үй алып беретін болады».

Бес балалы отбасының бірнеше несиесі бар екен. Кейбір банктер қаралы үйдің қарызын жауып тастадық деп жарияға жар салды. Дегенмен бәрінің көкейінде бірақ ….бір сұрақ. Астанадан шалғайдағы отандастар да да қайғыға ортақтасып, жоқтау айтып жатыр жер жерден.

Қайда жүр деп ата-анамды сөкпеңіз,
Қар үстінде тамақ іздеп кеткен із.
Жер бетінен жайлы орын таба алмай,
Түн ортасы ұшып кеттік көкке біз!..

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*