Орысша ауданға қазақша атау берілді

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының атауы Бәйтерек болып өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы inform.kz  сайтында жарияланды.

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, БҚО-дағы Зеленов ауданы бұдан былай Бәйтерек деп аталатын болды. Осыған орай бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов ауданда болып, ардагерлер, жастар және зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, жұртшылықты қуанышты оқиғамен құттықтады.

Өңір басшысы Елбасы тапсырмаларына орай облыста көптеген жұмыстар жасалғанын атап өтті. Соның ішінде ауданның үстімен өтетін Орал-Тасқала-РФ шекарасы жолы пайдалануға берілді. Жол салу, су, газ құбырын тарту жұмыстары биыл да жалғасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зеленов ауданының атауын өзгерту туралы ұсыныстың депутаттар тарапынан қолдау тапқанын жазған болатынбыз.

 

 

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*