Даниял Ахметов пен Жеңіс Қасымбектің аппараты бір-бірімен соттасып жатыр

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі  Инвестициялар және даму министрлігінің үстінен сотқа арыз түсірді.  Бұл туралы ratel.kz жариялады.

26 қыркүйекте Астанада судья Гүлнар Абдрахманова Шығыс Қазақстан облысы әкімінің талап арызын қарады.  Аймақ басшылығы жоғарыда аталған министрліктің Инвестициялар жөніндегі комитеті мен  «Unit Energy Investment» ЖШС арасында жасалған келісім шарттың жарамыз екенін растауды талап етуде.

Энергетикалық салада 30 жылдай тәжірибесі бар шетелдік «Unit Energy Investment» ЖШС былтыр желтоқсанда Министрліктің инсветициялар жөніндегі    комитетімен  Семейде ТЭЦ-3 нысанының құрылысын жүргізу туралы келісімге қол қойған.

Жобаның құны шамамен 1,3 млрд доллар деп есептелген. Алайда ведомство мен шетелдік инвестор арасында келісім бекітілгенімен жергілікті билік құрылысқа жер бөлмеген.  Бірнеше айдан бері құжат жинап, бір-біріне қағаз тасыған әкімдік мен комитет енді сотқа жүгінуде.

 

 

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*