Man's hand holding a sexy female panties. On blue background.

Жумай киіп жүретін ішкиім ойлап табылды

Данияда Organic Basics стартаперлері бірнеше аптай бойы жумай кие беруге болатын ішкиім ойлап тапты.

Бұл туралы Business Insider басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Біз қоршаған ортаны қорғауға тырысудамыз. Қымбат тұратын ішкиім сатып алу, кию, жуып, оны жою – ысырапшылдық», – дейді жобаның 27 жастағы жетекшісі Мэдс Фибигер.

Organic Basics киімдердің түр-түрін шығаруды жоспарлап отыр. Алайда олар ішкиімнен бастауды жөн көріпті.

Мұндай киімнің ерекшелігі – күміс. Киім құрамында күміс бар матадан тігілген. Белгілісі, күміс бактерияға қарсы әсерге ие.

«Бұл шынымен жұмыс істейді. Ішкиімді айына бірнеше рет қана жууға болады. Өз кезегінде бұл су мен электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Матаның өзі қайта өңделген нейлоннан жасалған. Сонымен қатар ішкиімнің тігісі жоқ, сондықтан оны киіп жүру ыңғайлы», – дейді Фибигер.

Мұндай ішкиімнің ба,асы арзан емес. Ерлерге арналған ішкиімдер қаптамасының (ішінде 2 дана ішкиім бар – ред.) бағасы – 64 доллар (24 мың теңге). Ал әйелдер ішкиімінің дәл осындай қаптамасы 56 долларға (21 мың теңге) сатылады.

 

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*