Басты жаңалықтарҚоғам

«Алтын алқа» алған аналарға әкім неге ақырды? (видео)

Алматы облысында бір топ ана Президент берген «Алтын алқаларын» Талдықорған қаласының әкіміне табыстады. Себебі, шаһарда 15 жылдан бері тұрғын үй кезегі жылжымайды. Баспана тауқыметін тартқан көп балалы аналардың сөзінше, жергілікті әкімдіктегілер тізімді қолдан өзгертеді екен. Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады.

Алайда, жанайқаймен келген «Алтын ала» иегерлеріне қала әкімі мән-жайды түсіндірудің орнына қатты сөйлеп, сөз таластырғанда ақырып, дауыс көтерген.  Оның құрғақ уәдесіне сене алмаған талдықорғандықтар облыс әкімдігіне де барған. Алайда, Амандық Батталов орнында болмай шықты.

 

Басқа материалдар

Back to top button