Басты жаңалықтарҚоғам

Қарындары қабақтай полиция басшыларынан не күтуге болады.

Фейсбук желісін қолданушысы  Duman Zhumadilov жеке парақшасына полициялық пункттің бірінен түсірілген видеоны жариялады. Аяқасты келіп тәртіп сақшыларының кәсіби білім-білігін тексерген басшылардың бұл әрекеті көңілге қонымсыз дейді пост авторы. Себебі, айда-жылда жүргізген мұндай тексерістен нәтиже болмайтынын айтады. Дайындық шаралары жиі өткізілуі керек дейді, ол.

Ішкі істер органы қызметкерлерінің жұмысына көңілі толмаған  Duman Zhumadilov «Біздің полицейлердің қолынан  шемішкі сатқан кемпірлерді қуудан басқа ештеңе келмейді. Ал оларды тексеріп тұрған қарындары қабақтай полиция басшылары кімге үлгі болады» деп қынжылады автор.

https://www.facebook.com/duman.zhumadilov/videos/pcb.10103461017040902/10103461015938112/?type=3&theater

 

 

 

Басқа материалдар

Back to top button