ӨҢІРЛЕР

Көше кезген сиырларға айыппұл салынады

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында осындай тәртіп орнатылды. Бұл туралы zhaikpress.kz хабарлады. Бұдан былай аудан орталығы Чапаев ауылында көше кезген мал айыппұл тұрағына қамалады. Қазір 5 сиыр осында қамауда тұр. Алдымен  иелеріне ескерту жасалады. Егер малдары тағы тәртіп бұзып, көшеде жүрсе қожайындары әкімшілік жауапкершілікке  тартылады. Тіпті, 20 айлық есептік көрсеткіш (МРП)  көлемінде айыппұл салынбақ. Суреттер  zhaikpress.kz сайтынан алынды

Читать далее »

Ауыл халқы полицияның дәрменсіздігіне күйініп отыр (видео)

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты Щапов ауылында  тұрғынның малын 26 қаңтар күні қорасынан ұрлап кеткен. Бұл туралы «Мой ГОРОД» порталы хабарлады. Ерлан Насыровтың айтуынша,  таңертең  мал жайлауға шыққан баласы қораның ашық-шашық жатқанын көрген. Бордақылауда тұрған үш бұқаның біреуі жоқ болып шығады. Әлденеден сезіктенген ұлы Нүркен Меңдешов айналадағы ізбен жүріп, үйдің жанындағы бұзылып жатқан фабриканың маңына дейін келіпті. Ұрылар осы ...

Читать далее »

Ақобалықтар ашынып отыр (видео)

Батыс Қазақстан облысында тұтас бір ауыл қар құрсауында қалды. Облыс орталығынан 500 шақырымдай қашықтықта жатқан Жәнібек ауданы Ақоба ауылының халқы жол азабын тартуда. Жәнібек — Орал бағытындағы күре жолдан Ақобаға баратын 23 км жолды ашитын ауданда бір техника жоқ. Жергілікті биліктен қайран болмаған соң ақобалықтар ауылдан шығатын жалғыз қара жолды қолмен ашуға мәжбүр. Ауыл əкімі Мақсат Жаналиев қарды тазалауға трактордың ...

Читать далее »

Батыс Қазақстанда 300-ден аса  полицей  жұмыстан кетеді

Батыс Қазақстан ІІД құқық қорғау жүйесін қайта құру жобасына байланысты жеке құрамдағы қызметкерлердің 10-нан бір бөлігін қысқартпақ. Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады. Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті үш жарым мың қызметкердің ішінен 300-ден астам полицейді жұмыстан шығаруды жоспарлап отыр екен. Облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Берік Аймурзиннің сөзіне сүйенсек, құқық қорғау жүйесін оңтайландыру жоспарына байланысты полицейлер өздеріне тән емес ...

Читать далее »

Орал көк түтіннің ортасында қалды

Орал қаласындағы бірнеше шағын аудан 3 күннен бері көк түтіннің ортасында қалды. Тұрғындар сыртқа шығудан қалған. Өйткені, шаһардың іргесіндегі күл-қоқыс өртеніп жатыр. Оралдықтардың айтуынша, күл-қоқыстың басында бір ғана өрт сөндіргіш көлігі тұр. Оған қаладағы коммуналдық мекеменің бір машинасымен  күніне 4 рет су тасылады екен. Бір қызығы, коммуналдық мекеме өкілдері түтінді өшірудің орнына, мән-жайды білуге келген тұрғындарды  «частная территория» деп бықсыған ...

Читать далее »

Бөкейорданың жолындағы беймәлім құбылыс

Батыс Қазақстан облысының Бөкейордасы ауданына баратын күре жолдың бойында беймәлім құбылыс.  Жаңақала-Сайқын бағытындағы жолдың Бөрлі (Темір Масин) ауылдық округінің тұсында терең шұңқырлар пайда болған. Көлемі адам сыйып кететіндей  үңгірлердің түбі көрінбейді. Жергілікті  атқарушы орган немесе жолға жауапты мекеме  облыс орталығына қатынайтын асфальті жоқ жалғыз грейдердің бойындағы шұңқырлардың айналасына белгіде салмаған. Әсіресе, түнгі уақытта өте қауіпті деп алаңдап отыр бөкейордалықтар. Айта кету ...

Читать далее »

Бөкейордалықтар Нарын құмына алма бағын өсірмек

Бөкейлік азамат У.Нұрғалиев тыңнан түрен салып, құмды мекенде  жаңа  кәсіпті бастады. Ол 2 млн теңге несие алып, Мәмбет ауылының маңынан 6 гектар жерге 190 түп алма ағашының көшетін отырғызыпты. Бағбандықты қолға алған бизнесмен бұдан бөлек, шие өсіруге де білек сыбана кірісуде. Қазір 100 түп көшеті тамыр жая бастаған. Бұл туралы «Жайық Пресс» ақпарат орталығы хабарлады. Жуырда аудан әкімінің есептік жиынына ...

Читать далее »

 Бөкейорда мен Жәнібекке ұшақ шығарылады

Батыс Қазақстан облысының шалғай аудандарында шағын әуежай салынады. Бұл туралы «Жайықпресс» ақпарат орталығы хабарлады. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қазбек Меңеевтің сөзінше, әуежай Бөкейорда,  Жәнібек, Казталов аудандарының   орталығына салынбақ.  Осылайша, Орал мен екі ортаға тұрғындар ұшақ арқылы қатынайтын болады.    Әзірге, қандай әуе компаниясының қызмет көрсететіні, ұшу  кестесі белгісіз. Қазбек Меңеевтің айтуынша, Орал мен Жәнібек бағытындағы  күре ...

Читать далее »

  Алтай Көлгіновтен күдер үзген мұғалім Елбасынан көмек сұрайды

Батысқазақстандық мұғалім Руслан Уразалиев облыс орталығындағы алаңға шығып, жергілікті билікке наразылығын білдірді. (видео) Бірнеше жылдан бері Жаңақала ауданындағы мектепте жұмыс істейтін білім саласының маманы  баспанасыз жүрген көрінеді.Үй кезегіне тіркелген ол,  аудан орталығындағы жаңадан салынған тұрғын үйлердің заңсыз беріліп жатқанына ашынып отыр. Баспана тауқыметін тартқан педагог аудан әкімінің қабылдауында да болған.    Одан нәтиже шықпаған соң, әділдік іздеген мұғалім облыс басшысы Алтай ...

Читать далее »

  Батыс Қазақстан облысында  оқушыны  қасқыр талады

Бұл туралы «Жайық Пресс» ақпарат орталығы хабарлады.  Оқиға 14 қазан күні Казталов ауданы Талдықұдық ауылында болған.    Жергілікті уақыт бойынша,  таңғы сағат 7:30 шамасында  мал айдауға шыққан  8-сынып оқушысы Мəди Өтегеновке қасқыр шапқан.  Түз тағысы жасөспірімнің  аяғын талаған.  Таң атпай бес қаруын сайлап жүретін ауыл тұрғындары  көкжалды бірден атып, баланы құтқарып қалды. Қыс басталмай жатып  қораға түсіп, адамға шапқан қасқырдың  миы ...

Читать далее »