АЙМАҚ

Шалғай ауданда соңғы қоңырау соғылды (видео)

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында ерекше соңғы қоңырау салтанаты  өтті, деп хабарлайды jurnalist.kz Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушысы, журналист Ерденбек Жылкайдарулы өзінің   парақшасына жариялады.  «Жəнібек ауданында соңғы қоңырау соғылды. Карантинге байланысты білім ордаларында салтанатты шара өтпегенімен, əр оқушы қоңырау сыңғырын естіп, оқу жылының аяқталғанын сезінді. Арнайы безендірілген көліктер көше-көшемен жүріп өтті. Мектеп формасын киген балалар ауланың сыртында қоңырауды қарсы алып, ...

Читать далее »

Дүкен иесі қарыз дәптерді жыртып, ауылдастарының берешегін кешірді (видео)

Батысқазақстандық кәсіпкер ораза айында қайырымдылық жасап, дүкеніне берешегі бар ауылдастарының  қарызын кешірді, деп хабарлайды jurnalist.kz БҚО Бөкей ордасы ауданының орталығы Сайқын ауылының тұрғыны Әзбек Мұхитов әлеуметтік желі арқылы жерлестеріне қарыз дәптерді жыртып жатқан бейнежазбасын жолдап, ертеңнен бастап жаңа дәптер арнайтынын мәлімдеді. Әзбек Мұхитовтың айтуынша,  ол ауыл тұрғындарының 63 685 мың теңге азық-түлік бойынша қарызын кешірген. Бұдан бөлек,  карантин басталғалы пәтерақы, дүкеннен ...

Читать далее »

«Я готова была выпрыгнуть из окна, когда он меня избивал» — женщина, избитая мужем-полицейским

32-летняя Асель Алканова со слезами на глазах рассказывает о семейной жизни с мужем-полицейским, сообщает портал «Мой ГОРОД». 32-летняя Асель Алканова встретилась с журналистами «МГ» и рассказала, что ей морально тяжело вспоминать последний день их совместной семейной жизни с мужем. Это было в сентябре 2019 года. Тогда супруг в очередной раз избил ее до полусмерти. — Он заявился домой в пять ...

Читать далее »

Әнші, композитор Гүлнәр Даукенова қайтыс болды

Белгілі әнші, композитор Гүлнәр Даукенова өмірден өтті, деп хабарлайды jurnalist.kz. Қайғылы хабар жайлы белгілі режиссер, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Асхат Маемиров әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. «Алашын өміршең әндерімен, көкейкесті күйлерімен тербеген әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, ҚР Композиторлар Одағының мүшесі ГҮЛНӘР ДАУКЕНОВА өмірден өтті. Халық арасына кеңінен танылған «Сағындым сағым жылдар», «Күрең күз», «Қайран уақыт», «Шыңдағы ...

Читать далее »

Әкім не дейді, блогер не дейді…

 Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданының орталығындағы спорт кешенін жөндеуге 112 миллион теңге бөлініпті, деп хабарлайды jurnalist.kz. Бұл қаражатқа ескі ғимаратты жөндегенше, жаңасын салуға болады, деп қынжылады әлеуметтік желі қолданушысы Айболат Букенов өзінің фейсбуктегі парақшасында. «Салыстырмалы түрде жеткізейін сіздерге. Мынау Жаңақалада былтыр берілген үш қабатты үйдің құны 180 миллион. Ол үйдің жертөлесі мен үшінші қабаты бар. Ал енді шіріп, құлайын деп тұрған 43 жыл ...

Читать далее »

Нарындағы кеуіп қалған көлге көрші ауданнан су тартылмақ

Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласынан 500 шақырымнан аса қашықтықта жатқан Бөкей Ордасы ауданында бүгінгі басты проблеманың бірі интернет. Әсіресе, карантин кезінде көптеген қиындықтар тудырып, жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде жанайқайын білдірді. Осыған орай, аталған өңірді 6 жылдай басқарған аудан әкімі Нұрлан Рақымжановпен сұхбаттасудың сәті түсті.   -Нұрлан Сағынтайұлы, карантин кезінде өзекті болған интернет мәселесі қалай шешілмек?  Қандай шаралар қолға алынуда? ...

Читать далее »

Оралда соғыс ардагерін балконға тұрғызып қойды

Батыс Қазақстан облысында «Nur Otan» партиясы филиалының бастамасымен соғыс ардагерлеріне өзгеше құрмет көрсетілді, деп хабарлады jurnalist.kz. Бұл туралы партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев фейсбуктегі парақшасына  жариялады. Орал қаласындағы Ұлттық Ұланның 5517 әскери бөлімінің жанынан құрылған оркестр әрбір соғыс ардагерінің үйінің маңына барып, әскери әндерді орындап, майдангерлерді тебірентті.  

Читать далее »

Құнанды қайтарды

БҚО Бөрлі ауданындағы Бөрлі ауылының тұрғыны полиция қызметіне хабарласып, құнан жылқысының ұрланғанын айтып, шағымданады. Ауданның полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктіні ұстады. Ақсай қаласының 38 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Ол құнанды сатып үлгерген. Жылқы басқа біреудің үйі аумағынан табылды. Полиция қызметкерлері жылқыны иесіне қайтарып береді. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ...

Читать далее »

Санитарлық ережені елемеген базарлар ашылмайды

Батыс Қазақстан облысында карантин режимі күшейгелі бері, базарлар мен басқа кәсіпкерлік нысандарында сауда тоқтағаны мәлім. Қызу сауданың қайта жүруін халық та, кәсіпкерлер де қалап отыр. Тағатсыздана күтіп жүргендердің де қарасы қалың. Бірақ ТЖ-ға дейін базарларда санитарлық-гигиеналық талаптар қатаң сақталмағаны анықталған. Енді сауда нысандары карантиндегі шектеу кезеңін пайдаланып, санитарлық ережелерге қайшы барлық бұзушылықты түзеуі тиіс. Күшейтілген карантин режимі тәмамдалғаннан кейін осы ...

Читать далее »

Қанша адамның коммуналдық қарызы өтеледі?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин кезінде тұрғындарға әлеуметтік тұрғыда қолдау жасалатынын жариялағаны мәлім. Жақында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі карантин режимі енгізілген өңірлерде белгілі бір әлеуметтік топтарға жататын азаматтардың абоненттік дербес шотына коммуналдық төлем үшін 15 мың теңге аударылатынын хабарлады. Батыс Қазақстан облысында 50 950 адамға коммуналдық қызмет төлемі үшін жеңілдік жасалады. Бұған 1 528 500 мың теңге қарастырылған. ...

Читать далее »