Мәдениет

967 мың айлық алатын әкім енді жарнама компанияларымен күреспек

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов ретсіз сауда мен дыбыстық жарнамаларды тәртіпке келтіруді талап етті.  Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Бұл мәселе аппарат жиналысы барысында талқыланған. Аймақ басшысы қол астындағы қызметкерлер нақты әрекеттер жасап, қала тұрғындарын қорғау үшін жеткілікті әрекеттер жасамай жатқанына наразылығын білдірді. Тұрғындар шағым айтуын тоқтатар емес, ал мәселе сол күйі шешілусіз қалып отыр.  Облыс әкімінің блогына жыл басынан бері Қарағанды ...

Читать далее »

Сіз маған жезде емессіз!

Бір кездері «стенный гарнитур» деген мода болды ғой.  Әр үйдің төрінен табылды. Ауылдағы қара шаңырағымызда да осы бір жиһаз үлкен жақтың  (зал) сәнін келтіріп тұратын. Бірақ музейдегі жәдігер сияқты, жақындауға, қол тигізуге болмайды.  «Айғыздайсыңдар» деп бала біткенді жолатпайтын. Сол гарнитурдың бір бөлігінде кітаптар жиналады. Күндердің күні әжем де, әкем де, әкемнің қарындастары да тізілген кітаптардың арасынан ақшыл көк мұқабаны алып, ...

Читать далее »

 «Ағайын, итеріп жіберейін бе?» Төреғали Төреәлі жұртқа жаңа қырынан танылды

Астанада қазақтың «Төреші» атанып кеткен белгілі әнші Төреғали Төреәлінің «Ұлы дала комедиясы» атты кинокартинасының премьерасы өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Әнші туралы түсірілген «Ұлы дала комедиясы» фильмі 18 қазаннан бастап прокатқа шығады Кино әлеміне алғаш рет қадам басқан әншінің комедиясын тамашалауға өнердегі әріптестері келді. Олардың арасында Қыдырәлі мен Қарақат, Тамара Асар, Айгүл Иманбаева, Алтынай Жорабаева және тағы басқа өнер ...

Читать далее »

Мешіт тазалайтын анаға Ораза айтта көлік сыйлады

Талдықорған қаласында мешіт тазалығына қарайтын анаға Ораза айт мейрамында көлік табысталды. Бұл туралы taldykorganec_insta парақшасында жарияланды. Жомарт жандардың шарапатына бөленген әйел адам мешіттегі жұмысына жету үшін күн сайын 3 қоғамдық көлікпен (пересадкамен) келеді екен.  Тазалықтан бөлек, ғибадат үйінде оқып жатқан 50-ден аса Құран жаттаушыға үш мезгіл тамақ дайындайды. Көлікті жамағат атынан имамдар табыс етті.  

Читать далее »

 Қуғын-сүргін құрбанының кітабы шықты

Ертең Астанада қуғын-сүргін қасіретінің бұрын-соңды айтылмаған ақиқаты, еш жерде жарияланбаған тың деректері басылған үш томдық кітаптың тұсауы кесіледі.    2018 жылғы 1 маусымда, сағат 16:00-де  Еуразия ұлттық университетінің кітапханасына келіңіз! Тарихты түгендеп, ұлттың жоғын жоқтап жүрген жанашырдың, өлкетанушының, тарихшының бәрі осында. Тарихты зерттеп, ғылыммен айналысамын деген студенттер, магистранттар үшін де таптырмас мүмкіндік, тың тақырып бар мұнда. Үш томдыққа көрнекті ақын, ...

Читать далее »

«Салтанат» күйінің шығу тарихын білесіз бе?

1969 жылы Төлеген Момбековтың асыл жары Пернеш қайтыс болып, Райхан, Қызжан, Дана, Гүлжан, Салтанат атты бес қызымен, Қайрат атты бір ұлымен қалған Төкеңе бұл қаза қатты батады. Жан күйзелісіне толы осы жылы өмірге бірінен соң бірі төрт күй келеді. Сол кезде автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істейтін Төлеген бір күні жұмыстан шаршап үйіне келсе, Қайраты төрт жасар Салтанат деген қызын жылатып ...

Читать далее »

Наурыз тойына 18 мемлекет қатысты

Түркітілдес мемлекеттер биыл Наурыз мерекесін Түркі әлемінің 2018 жылғы мәдени астанасы – Түркияның Кастамону қаласында тойлады.                             «Әр қаланың өзіне тән рухы бар» Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі, Кастамону қаласының әкімдігі мен ТҮРКСОЙ бірігіп дайындаған мерекелік шараларға Жер шарының 18 мемлекетінен 200-ге жуық өнер адамдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 21 наурыз күні таңертең Наурыз мерекесінің ашылу салтанатында сөз ...

Читать далее »

«Тағы бір таң атты. Кімдерді қуантады екен?…»

Қалың ел  62 жасына қараған шағында өмірден озған Рақымжан Отарбаевты ақтық сапарға шығарып салды. Жазушы-драматургпен қоштасу рәсімі туған жері Атырауда өтті. Дарынды қаламгердің жерлеуіне алыс-жақын шетелдегі руханият өкілдері де түгел жиналды.  Бұл туралы «Евразия» арнасы хабарлады.   «Тағы бір таң атты. Кімдерді қуантады екен?…». Оның әрбір шығармасы осындай ерекше сөйлеммен басталатын. Алайда, ақпанның тағы бір таңы Рақымжансыз атты. ОҢАЙГҮЛ ТҰРЖАН ...

Читать далее »

Жерасты мешітіне түскендер жамандықтан құтылады екен

Шымкентте жер асты мешітін ашқан азамат келушілер қатарын толықтыра алмай отыр. Этномұражайды тек шетелдік туристер ғана қызықтағанымен, отандық саяхатшылар аса көп келмейтін көрінеді. Сондықтан,  жергілікті шебер бұл іске Үкіметтің араласуын сұрайды. Кендебай Қарабдолов жер асты мешітін 2006 жылы қаза бастапты. Ойға алған жоспарын ешкімнің көмегінсіз, өз күшімен 9 ай дегенде аяқтаған. Мешіт 3 бөлмеден тұрады. Соның бірі 7 метр тереңдіктегі ...

Читать далее »

Үкіметке үшбу хат

«Қазақ фильм» шетелдіктердің қолына өтсе ұлттық код, тегізімізді насихаттау мүмкіндігінен  айырыламыз. Мәжіліс депутаттары осындай  мәселе көтеріп, Үкімет басшысына сауал жолдады. Тарихи сабақтастықтың жібін үзбей бірнеше буынды тәрбиелеп, түлеткен «Қазақ фильмнің» тағдыры бүгінде талайды толғандырып отыр. Себебі рухани кешен жекешелендіруге берілмек.  Дабыл қаққан Мәжілістегі мәдениеттің жанашырлары  Қазақфильмнің тұрған жеріне  әлдекімдер көз салып отыр деп алаңдайды. «Қазақ фильм киностудиясын алатын адам кино ...

Читать далее »