Қоғам

Астаналық шенеуніктің жұбайы Нұрбигүл Егізова карантин тәртібін бұзды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиевтің жұбайы Нұрбигүл Егізова  3 мамыр күні инстаграмм желісіндегі парақшасына елордадағы сән салондарының бірінде түскен видеосын жариялаған, деп хабарлайды jurnalist.kz Салонда шашын боятып, «өз-өзіме келдім» деп ағынан жарылған актриса желі қолданушыларының ашуын келтірді. Оқырмандар бас қаладағы шаштараздардың 4 мамырдан бастап қана  жұмысқа шығатынын айтып, «актриса карантин режимін бұзды» деп айыптауда. Осы орайда Фейсбук әлеуметтік желісінің белсенді ...

Читать далее »

«Әкім бізге паника көтермеңдер деді»

Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы су басқан елдімекендердің тұрғындары осылай деді.  Жергілікті жұрттың жанайқайын белгілі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Төтенше жағдай басталмас бұрын ауылға келген жергілікті билік өкілдері судың көтерілмейтінін айтып, халықты сендірген екен.  

Читать далее »

Түркістан облысында екі ауылды су басты

Тағы бірнеше ауылға су тасқыны қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Қазақпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Өзбекстан Республикасының Сырдария облысында орналасқан «Сардоба» су қоймасының дамбасының бұзылуына байланысты 2020 жылдың 1-мамыр күні сағат 16:00 шамасында Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында бірнеше елді мекенде орналасқан коллекторларға су толған. Салдарынан Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарын су алып кеткен. «Сондай-ақ облыстық мәндегі «Мырзакент — Жеңіс ...

Читать далее »

Министрлер төтенше жағдай кезінде жұмсалған қаржының есебін берсін – депутат

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттық сауал жолдаған коммунистер министрліктерді шетінен сынға алды. Бұл туралы BasNews.kz хабарлады. Фракция атынан сауал жолдаған Ирина Смирнова ведомстволардың көпшілігі “жедел шешім қабылдай алмады”, “бір-біріне қарсы шешім шығарып, елді әуре-сарсаңға салды” деп сөкті. Мәселен, 42 500 теңге төлемді жыр қылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде елдегі мұқтаж жандардың тізімі болмай шыққан. “42 500 теңге төлемі елді ...

Читать далее »

Парламент депутаттары көпбалалы отбасылардың жәрдемақысын өсірді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, елімізде 8-ден 15-ке дейінгі балалары бар 2 451 отбасы бар. Сенат сегіз және одан көп баласы бар отбасыларға төленетін жәрдемақының мөлшерін нақтылап бекітті. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады. Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу» туралы заң жобасы қаралды. Құжат балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ...

Читать далее »

Шымкенттегі дәмханалардың бірінде полициялар да жайбарақат тамақтанып отыр (ВИДЕО)

Шымкенттің орталығында орналасқан дәмхана төтенше жағдай талаптарын өрескел бұзған. Әлеуметтік желіде тараған видео бұған дәлел бола алады. Бұл туралы  sn.kz порталы  «Астана» телеарнасына сілтеме жасап хабарлады. Айта кетейік, аталған дәмхана аудандық сот пен полиция бөлімінің тура қарсы бетінде орналасқан.  Дәмханада оннан аса адам жайбарақат тамақтанып отыр. Тіпті арасында полиция өкілі де бар. Алаңсыз ас ішіп отырғандардың көбінде медициналық маска жоқ. Тамақтанатын орынға кіріп ...

Читать далее »

Құнанды қайтарды

БҚО Бөрлі ауданындағы Бөрлі ауылының тұрғыны полиция қызметіне хабарласып, құнан жылқысының ұрланғанын айтып, шағымданады. Ауданның полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктіні ұстады. Ақсай қаласының 38 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Ол құнанды сатып үлгерген. Жылқы басқа біреудің үйі аумағынан табылды. Полиция қызметкерлері жылқыны иесіне қайтарып береді. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ...

Читать далее »

2 мыңнан аса медицина қызметкері «Birgemiz» қорынан 50 000 теңгеден алды

Коронавируспен күресуге жұмылдырылған 2 мыңнан аса медицина қызметкері Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қорынан 50 000 теңгеден ақшалай төлем алды. Осы мақсатқа демеушілік қаражаттан 100 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді.  Қор төрағасы Руслан Сакеевтың мәліметінше, біржолғы төлемді бүгін елорда мен Алматыдағы 29 медициналық мекемеде жұмыс істейтін 2112 ақхалатты алған. «Мемлекет басшысы әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға және бүгінде коронавирус ...

Читать далее »

Мұқтаж жандарға маска тегін беріледі

ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынысы негізінде, Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры, қазақстандық «СҚ-Фармация» үкіметтік  операторымен 5 миллион маска алуға келісім жасады. Бұған дейін еліміздің Тұңғыш Президенті Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында коронавирустың таралуына қарсы күрес шаралары аясында, мұқтаж жандарды қажетті қорғаныс құралдарымен, оның ішінде медициналық маскалармен қамтамасыз ету қажет екенін айтқан болатын. Қор төрағасы Руслан ...

Читать далее »