Қоғам

«Бен Ладен» Астанада үш бөлмелі пәтер үшін соттасуда

Халықаралық құрылыс корпорациясы жалғызбасты ананы маңдай терімен алған баспанасынан қуып шықпақшы. Ал кәмелетке толмаған екі баласы мен зейнеттегі ата-анасы үшін ипотека рәсімдеген келіншек  13 жыл бойы несие төлеп келеді екен. Сонда шикілік неден шықты? Отбасы үш бөлмелі пәтерге жаздыгүні көшкен. Бірақ содан бері ештеңе өзгермепті. Жұлым жұлым қабырғалар, тот басқан құбырлар сол қалпында тұр. Сөмкедегі киім-кешектері мен мүліктерін де шығармаған. ...

Читать далее »

Дәрет сындыруда дәрежеге айналды

Павлодарда  11 млн теңгеге екі қоғамдық дәретхана салыныпты.  Ал «Бәйтеректі» күрделі жөндеуден өткізге 2 млрд теңге жұмсалған. Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады.   НҰРКЕН ҚАЛИЖАНҰЛЫ, ТІЛШІ: «Есіл өзенінің сол жағалауында зәулім «Бәйтеректің» биыл бой көтергеніне 15 жыл болыпты. Содан бері биыл монуметке күрделі жөндеу алғаш рет жасалған. Шаһардағы туристер ең көп аялдайтын орынның бірі осынша қаржы жұмсадық деген жауаптылар көп ...

Читать далее »

Алдағы қыс пен көктем қандай болмақ?

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы қыс қатты суық болмақ.  Ішкі істер министрлігі осындай болжам жасап отыр. Бұл туралы sputniknews.kz жариялады. -Ауа райын болжау қызметтерінің мәліметінше,  алдағы қыс қатты суық болады деген жорамал бар. Біз осы айтылғандарды негізге ала отырып,   қамданыс шараларын күшейтудеміз,- дейді  Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин. Әсіресе, желтоқсанда еліміздің солтүстігінде  орташа ауа температурасы жылдағыдан төмендейді деген болжам бар. ...

Читать далее »

Енді еңбек кітапшасының қажеті болмайды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында  осындай жобаны таныстырды.  Мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру  аясында еңбек келісімшарттарын тіркеудің бірыңғай жүйесі іске асырылмақ. Әзірге пилоттық жоба бір ғана облыста жүзеге асырылуда. Министрдің сөзінше, жаңа жобаның тиімділігі көп. Бірыңғай  еңбек биржасында құжаттар электронды түрде тіркеліп, қағаз түріндегі еңбек кітапшасының қажеті болмайды. Жұмысшының профилі онлайн тәртіпте жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, ...

Читать далее »

Алматыда мектеп  ішінде жарылыс болды

Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады. Оқыс оқиға қаладағы № 173 мектепте болған. Жарылыстың салдарынан  12 оқушы зардап шегіп, балалар ауруханасына жеткізілді. Жарылыстың неден шыққаны әзірге белгісіз. Мамандар анықтап жатыр. Бірақ, білім ошағынан әлі де балалар шығарылып жатыр. Сондықтан да, қанша баланың жарақат алғаны да беймәлім.

Читать далее »

Шымкенттің экс-әкімі екі баласы бар келіншекті зар еңіретті

Шымкент тұрғыны Әлия Байділдаева   қаланың бұрынғы әкімінің үстінен арыз айтып, бейнеүндеу жолдады. Бұл туралы «NewTimes.kz» хабарлады. Жас келіншек Рахат Әлиевтің туысы, Шымкенттің экс-әкімі Өмірзақ Әметұлының тарапынан  қысым көріп жатқанын жариялады. 17 жасында зорланған Әлия Байділдаеваның қазір  Өмірзақ Әметұлынан екі баласы бар екен. Біреуі сал ауруына шалдыққан. Алайда, экс-әкім қос жеткіншекті балалар үйіне тапсырып, Әлияның өз жолымен кеткенін қалаған. Ал 2014 ...

Читать далее »

Азық-түліктен адам ағзасына қауіпті химикаттар шықты

Бір аптаның ішінде 279 тонна өнім елден шығарылды. Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан жеткізілген тауарлардың ішінен адам ағзасына қауіпті химикаттар анықталған. Өзімізден шыққан өнімдерден де зиянкестертабылып жатыр. Тәртіп бұзғандар айыппұл төлеуде, тауары өртелуде. Осы жайттарды анықтаған инспекторлар кезекті тексеру шараларын жүргізген.   Қораптың ішіндегі 100 дана раушан гүл әлдебіреуге қымбат сый болар ма еді. Бірақ сонау Голландиядан жеткізілген тауар бөлмедегі құмырадан емес, ...

Читать далее »

  Алтай Көлгіновтен күдер үзген мұғалім Елбасынан көмек сұрайды

Батысқазақстандық мұғалім Руслан Уразалиев облыс орталығындағы алаңға шығып, жергілікті билікке наразылығын білдірді. (видео) Бірнеше жылдан бері Жаңақала ауданындағы мектепте жұмыс істейтін білім саласының маманы  баспанасыз жүрген көрінеді.Үй кезегіне тіркелген ол,  аудан орталығындағы жаңадан салынған тұрғын үйлердің заңсыз беріліп жатқанына ашынып отыр. Баспана тауқыметін тартқан педагог аудан әкімінің қабылдауында да болған.    Одан нәтиже шықпаған соң, әділдік іздеген мұғалім облыс басшысы Алтай ...

Читать далее »

 «Евразия» телеарнасы 20 жылдығын атап өтті

Еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев   «Паутина» бағдарламасын көреді екен. Бұл туралы министрдің өзі кеше «Евразия» бірінші телеарнасының 20 жылдығына арналған салтанатты кеште мәлімдеді. Отандық масс-медиа саласында өзіндік орны бар  телеарна  кеше Астанада 20 жылдығын тойлады.  Кешке қатысқан мәртебелі меймандар арасында сенатор Дариға Назарбаева бастаған бірқатар депутаттар бар.  Сондай-ақ,  ресейлік «Первый каналдың» бас директоры Константин  Эрнст те  келіпті. Евразиялық ...

Читать далее »

Батысқазақстандық полицей жұртты жайпады

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Тасқала ауданында болған. Бұл туралы «Уральская неделя» хабарлады.  Полиция қызметкері тал түсте жұрттың көзінше ер адамды ұрып-соққан. Форма киген жігіт айналасындағыларға мінез көрсетіп қоймай, бір жігітті күштеп көлікке кіргізсе, видеоға түсіргендерге де күш қолданған. Жергілікті басылым қазір облыстық Ішкі істер департаментіне хабарласып, жуан жұдырық полиция қызметкерінің кім екенін, неліктен қол жұмсағанын түсіндіріп беруді сұраған. Биыл, батысқазақстандық полицейлер ...

Читать далее »