Қоғам

Шымкенттің экс-әкімі екі баласы бар келіншекті зар еңіретті

Шымкент тұрғыны Әлия Байділдаева   қаланың бұрынғы әкімінің үстінен арыз айтып, бейнеүндеу жолдады. Бұл туралы «NewTimes.kz» хабарлады. Жас келіншек Рахат Әлиевтің туысы, Шымкенттің экс-әкімі Өмірзақ Әметұлының тарапынан  қысым көріп жатқанын жариялады. 17 жасында зорланған Әлия Байділдаеваның қазір  Өмірзақ Әметұлынан екі баласы бар екен. Біреуі сал ауруына шалдыққан. Алайда, экс-әкім қос жеткіншекті балалар үйіне тапсырып, Әлияның өз жолымен кеткенін қалаған. Ал 2014 ...

Читать далее »

Азық-түліктен адам ағзасына қауіпті химикаттар шықты

Бір аптаның ішінде 279 тонна өнім елден шығарылды. Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан жеткізілген тауарлардың ішінен адам ағзасына қауіпті химикаттар анықталған. Өзімізден шыққан өнімдерден де зиянкестертабылып жатыр. Тәртіп бұзғандар айыппұл төлеуде, тауары өртелуде. Осы жайттарды анықтаған инспекторлар кезекті тексеру шараларын жүргізген.   Қораптың ішіндегі 100 дана раушан гүл әлдебіреуге қымбат сый болар ма еді. Бірақ сонау Голландиядан жеткізілген тауар бөлмедегі құмырадан емес, ...

Читать далее »

  Алтай Көлгіновтен күдер үзген мұғалім Елбасынан көмек сұрайды

Батысқазақстандық мұғалім Руслан Уразалиев облыс орталығындағы алаңға шығып, жергілікті билікке наразылығын білдірді. (видео) Бірнеше жылдан бері Жаңақала ауданындағы мектепте жұмыс істейтін білім саласының маманы  баспанасыз жүрген көрінеді.Үй кезегіне тіркелген ол,  аудан орталығындағы жаңадан салынған тұрғын үйлердің заңсыз беріліп жатқанына ашынып отыр. Баспана тауқыметін тартқан педагог аудан әкімінің қабылдауында да болған.    Одан нәтиже шықпаған соң, әділдік іздеген мұғалім облыс басшысы Алтай ...

Читать далее »

 «Евразия» телеарнасы 20 жылдығын атап өтті

Еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев   «Паутина» бағдарламасын көреді екен. Бұл туралы министрдің өзі кеше «Евразия» бірінші телеарнасының 20 жылдығына арналған салтанатты кеште мәлімдеді. Отандық масс-медиа саласында өзіндік орны бар  телеарна  кеше Астанада 20 жылдығын тойлады.  Кешке қатысқан мәртебелі меймандар арасында сенатор Дариға Назарбаева бастаған бірқатар депутаттар бар.  Сондай-ақ,  ресейлік «Первый каналдың» бас директоры Константин  Эрнст те  келіпті. Евразиялық ...

Читать далее »

Батысқазақстандық полицей жұртты жайпады

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Тасқала ауданында болған. Бұл туралы «Уральская неделя» хабарлады.  Полиция қызметкері тал түсте жұрттың көзінше ер адамды ұрып-соққан. Форма киген жігіт айналасындағыларға мінез көрсетіп қоймай, бір жігітті күштеп көлікке кіргізсе, видеоға түсіргендерге де күш қолданған. Жергілікті басылым қазір облыстық Ішкі істер департаментіне хабарласып, жуан жұдырық полиция қызметкерінің кім екенін, неліктен қол жұмсағанын түсіндіріп беруді сұраған. Биыл, батысқазақстандық полицейлер ...

Читать далее »

Ажырасқандарға салықты көбейтуі мүмкін

Сенат депутаты Әли Бектаев Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, ажырасу үшін төленетін баж салығын көбейтуді ұсынды. Депутаттың дерегінше,  соңғы бес жылда   ажырасулардың саны 4 мыңға көбейген. Оның 40 пайызы  қалалық отбасы. Отбасы құндылығын жандандыру мәселесін көтерген депутат қыз-келіншектерді түрмеге жапқаннан гөрі, оларға кешіріммен қарау керек деген ұсыныс айтты. Қазір еліміздегі 6 колонияда 2 161 әйелзаты жазасын өтеп жатыр екен. «Әйел өздігінен ...

Читать далее »

Дизель отынының тапшылығын «ҚазМұнайГаз» мойнына алды

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. Оның сөзінше, жуырда күрделі жөндеуден өткен Павлодар мұнай химия  зауытындағы бір құрылғы істен шыққан. Салдарынан айына 150 мың тонна  дизель отынын шығарады деп жоспарланған зауыт қазір бар-жоғы 25 мың тонна өндіріп жатқан көрінеді. Осы тапшылықтың орынын толтыру үшін Қазақстан енді Ресейден дизель отынында сатып алады. Бірақ баға айырмашылығына байланысты шығынды «ҚазМұнайГаз» көтереді. МАҒЗҰМ ...

Читать далее »

«Халал» таңбасын таратқан төраға тығырыққа тірелді

Елімізде 20-дан аса өнімнің халал емес екендігі анықталды. Бұл туралы  эксклюзивті сұхбат берген қоғамдық денсаулық сақтау комитеті, яғни жалпақ жұртқа СЭС ретінде белгілі мекеменің мамандары мәлімдеді. Жалпы халал дегеніміз не? Мен түсінем, халал тағам деген ұғым бар. Ал енді Халал монша, халал қонақ үй, халал жұмыртқа, тіпті халал сағыз дегендер не?  Сонымен елімізде күнделікті сіз бен біздің жейтін халал тағамдардың харам ...

Читать далее »

Арман Шораев журналистика факультеттерін жабуды ұсынды

Алмадыда медиа-қауымдастық өкілдері ЖОО-ларда журналист мамандарды дайындау мәселесін талқылады. Бұл туралы Stan.kz жариялады. Мамандарды даярлау мәселесін «МедиаАльянс» қоғамдық бірлестігінің тең құрылтайшысы Арман Шораев көтерді. «Журналистика саласы депрессияда. Кәсіби білікті мамандар жоқтың қасы. ҚазҰУ-дан басқа университеттерде журналистика факультеттерін жабу керек. Басқалары талабы, дарыны жоқ мамандарды шығарып жатыр. Тек ҚазҰУ-дан шыққан санаулы азаматтарды ғана мықты журналист деп айтуға болады, қалғаны мұғалім, оқытушы ...

Читать далее »

Астаналық сәбиге Бәйдібэкспо деген ат қойылды

Мұндай есім елордадағы Есіл ауданында тіркелген. Ұл бала биыл жазда дүниеге келіпті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі хабарлады. Астанадағы Есіл, Сарыарқа, Алматы аудандарының Азаматтық жағдай актілерін тіркеу (АЖАТ) қызметінің статистикасы бойынша, қаңтар-қазан аралығында елордада 25 735 сәби дүниеге келген. Жалпы, 2017 жылы  Софья, Амира, Кәусар, Елдана, Әлихан, Айсұлтан, Алан, Арлан есімдері көптеп қойылған. Сондай-ақ, еліміздегі маңызды оқиғалардың құрметіне ат қою ...

Читать далее »